$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2021, 13:58
Оқиғалар

Өскеменде кәсіпорын бухгалтері 7 млн теңгені жымқырып қалған

Тергеу барысында 52 жастағы күдікті кінәсін мойындады

 

Өскеменде кәсіпорын бухгалтері 7 млн теңгені жымқырып қалған

Өскеменде жауапкершілігі шетеулі серіктестердің бірінің есепшісі 7 миллион теңгені өз пайдасына жымқырып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорын басшысы 21 сәуір күні полицияға шағымданады. Ол былтырғы жаздан бері ЖШС шотынан 7 млн теңге ұрдап алған әйел адамды жауапқа тартуды сұраған.   

«Шағымданушы ер адам кәсіпорынның бас бухгалтерінің ақшаны өз есебіне аударып алғанын айтқан. Осылайша, ол 7 млн теңгені иеленіп кеткен», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.   

Көп ұзамай 52 жастағы күдікті полиция учаскесіне жеткізілген. Тергеу барысында әйел адам өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақыта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі терге жұмыстары жүргізіліп жатыр.     

Серіктес жаңалықтары