$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.05.2021, 15:57
Оқиғалар

Алматы облысында көпірді су шайып кетті

Аудан мен ауыл арасында байланыс үзілген

Алматы облысында көпірді су шайып кетті

Алматы облысында тасыған өзен көпірді шайып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолындағы көпірді кеше арнасынан асқан өзен бұзып кеткендіктен, Лепсіге қатынау үзілген.

«Өзен тасып жатыр. Көпірді бұзып кетті. Енді Лепсіге баратын жол жоқ. Жаңа көпір толық салынбаған», - дейді оқиға орнынан видео таратқан автор.

Таудағы қар суының еруінен Лепсі өзені арнасынан асып, тасыған. Оқиға орнына ТЖД, полиция, әкімдіктің өкілдері барған.

«Қазіргі кезде «Алакөл жолдары» және «СПМ-306» мекмелерінен 1 кран, 2 ауыр жүк көлігі, 2 тиегіш техникалары жұмылдырылып, көпірді қайта келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, мердігер мекеме «СМП-306» ЖШС мекемесі», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары