Алматыда судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Судьяның үйін тінту барысында ірі көлемдегі ақша табылып, тәркіленді

Алматыда судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда судьяның үйін тінту барысында ірі көлемдегі ақша тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ҰҚК департаменті Медеу аудандық сотының судьясына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ҰҚК департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Бас прокурор күдікке ілінген судьяға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруға келісім берген.

«Судья сот шешімдерін мүдделі тұлғалардың ықпал етуімен солардың пайдасына шығара отырып, алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді. Тінту жұмыстары барысында судьяның үйінен ірі көлемдегі ақша табылып, тәркіленді», - делінген қалалық соттың баспасөз хабарламасында.

Қалалық сот  өкілдері өзге ақпараттың тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын ескертті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.