ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан топтың басшысы ұсталды

Жеке үйлердің бірінің аумағында ұрланған көліктерді жасыратын жерасты бункері табылды

Алматыда элиталық жол талғамайтын көліктерді ұрлаудың ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлік ұрлаушылар тобының қылмыстық әрекеті өткен жазда тоқтатылған болатын. Сол кезде қаскөйлер Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы жеке үйлердің бірінің аумағында ұрланған жол талғамайтын көліктерді жасырып жүрген жерасты бункері табылды.

«Қылмыстық іс бойынша басты күдікті – 1988 жылы туған И. есімді азамат, Түркістан облысының тұрғыны сол кезде қашып кеткен болатын және осы уақытқа дейін полициядан жасырынып жүрген. Алайда жақында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы оны ұстады және қамауға алды. Қазіргі уақытта күдіктіге қымбат көліктерді ұрлаудың жеті дерегі, «Тойота Ленд Крузер» және «Лексус» маркалы көліктер бойынша айып тағылып отыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ, күдіктінің қарақшылық шабуыл, бөтеннің мүлкін ұрлау және қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін төрт рет сотталғаны белгілі болды.