ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қызылордада 6 жасар бала жоғалып кетті

Бала кеше таңертең үйінен ойнауға шығып, қайта оралмаған

Қызылорда қаласында алты жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

27 сәуір кешкі сағат 19:35 шамасында Қызылорда қаласы Титов қыстағында​ кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Бахыт Альтаирдың жоғалғандығы туралы арыз түсті. 

Ата-анасының айтуынша, алты жастағы​ бала 27 сәуір сағат 10:00 шамасында үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға тоғыз сағаттан кейін ғана хабар берген.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.​ Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты​ шатырлары, өжірелер, ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде.

Сонымен қатар,​ баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаментіне,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері:​ 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07​ және 102 арнасы.