ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алматыда үш жұмысшының неден уланғаны белгілі болды

Кеше олар жанармай бекетінің құдығына түсіп уланған еді 

скриншот: видео

Алматыда жанармай бекетінің құдығына түсіп уланған үш жұмысшының жағдайы ауыр. Олар әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Тар құдықта ес-түссіз жатқан жұмысшыларды кеше Алматы қаласы ТЖД  қызметкерлері шығарып алған. С.Нұрмағамбетов көшесі, 148/2 мекен-жайында орналасқан «Газпром нефть» ЖШС үш жұмысшысы құдықтың люгіне есептегіш көрсеткіштерін алу үшін түсеміз деп уланып қалған. Олар метан газынан уланған екен. 

«2021 жылдың 27 сәуірінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жанармай құю бекетінде метан газынан уланған үш адам ес-түссіз жағдайда келіп түсті. Қазір олар жансақтау бөлімінде, естерін жинады. Дәрігерлер олардың жағдайын  ауыр күйде бағалап отыр», - деп хабарлады Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова. 

Мамандардың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі су есептегіш құралды қарамақ болғандар қауіпсіздІк ережесін мүлдем сақтамаған. Кез келген жанармай құю бекетінде улы таксиндер болады. Талап бойынша, құдықтың қақпағын біраз уақыт ашық тастап, қауіпсіз екеніне көз жеткізген соң ғана барып ішіне түсу керек.

«Қаланың шұғыл қызметтерінің күштері мен құралдары, сондай ақ: "109 құтқару қызметі"- 6 адам , 1 техника, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы -7 адам, 1 бірлік техника,3 жедел медициналық көмек бригадасы, Медеу ауданы ТЖ басқармасы, Полиция департаменті, апаттық газ қызметі және т.б қызметкерлер шұғыл жұмылдырылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды альпинисттік құралдармен, тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолданып, шығарып алды. Құтқару жұмыстары 19:11де аяқталды. Дереу жақын маңдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді» - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекішсі Гүлдана Нұрымбетова.