Ұлтаралық алауыздық тудыратын видео авторы кешірім сұрады
Жезқазған тұрғыны кінәсін мойындап, барша қазақ жұртынан кешірім сұрады
Әлеуметтік желіде қазақ ұлты тарапына балағат сөздер айтып, видео жазған өзге ұлт өкілі ұсталды. Ол кінәсін мойындап, барша қазақ жұртынан кешірім сұрады.
«Құрметті қазақстандықтар, мен интернетте тараған видеоға қатысты кешірім сұраймын. Мен мұны әдейі жасаған жоқ, жалпы бұл видеоның интернетке тарағанын қаламаған едім. Менің қазақ достарым бар, бір-бірімізді сыйлаймыз», - деді жезқазғандық азамат.
26 сәуірде Қарағанды облысы ПД өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында, Қылмыстық кодекстің 174-бабында көрсетілген «ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар белгісіз азаматтың бейнеүндеуін анықталды.
Полиция қызметкерлері бейнежазбаның авторы 27 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны екенін анықтап ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.