$ 517.45  598.59  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2021, 13:37
Оқиғалар

Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы қыз ұсталды

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы қыз ұсталды

Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов “Facebook” парақшасында xабарлады. 

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған түйіншек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат – жалпы салмағы төрт грамм “Alfa-PVP” синтетикалық есірткісі болып шықты.

“Alfa-PVP” синтетикалық есірткі заты жүйке жүйесіне өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізеді, ағзаны бүлдіріп, тез тәуелділікке алып келеді. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары