27.04.2021, 00:28
Оқиғалар
Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 23 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды.
«Тұрғын өз арызында 2020 жылдың желтоқсан айының соңында белгісіз біреу өзінің жеке дерегін пайдаланып, яғни жеке куәлігі арқылы микрокредит ұйымынан 15 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, материалдық шығын келтіргенін көрсеткен», - делінген ПД хабарламасында.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады