$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 10:03
Оқиғалар

Балқашта 7 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ісі дауға ұласты

Полицейлерден оңбай таяқ жеген күдікті Аманжол Әлібаевты дәрігерлер әрең аман алып қалыпты 

Балқашта 7 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ісі дауға ұласты

Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде өлім аузынан қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Полицейлерден оңбай таяқ жеген Аманжол Әлібаевтың жанын дәрігерлер әрең алып қалыпты. Соның салдарынан істі жүргізген шенділердің өзіне қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің туғандары оның кінәсіз екеніне сенімді. Ал ес біліп қалған бүлдіршіннің өзі үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздайды. 

Жанаргүл Балқаш маңындағы шаруа қожалығында жұмыс істейді. Қызы қаладағы мектеп-интернатта білім алады екен. Аманжол атты жігітпен қызын көруге келгенде танысыпты. Жалғызбасты еркектің үйінде бірер күн қонақ болған. Қызын әкеліп шомылдырып, «кір-қоңын жуып алдым» дейді. Бар сұмдық кешке жақын анасы дүкенге шығып кеткеннен соң басталыпты.

«Ағатай шақырды. Бір кезде мені төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті. Сосын қолымен менің... тиісті», - дейді жәбірленуші.  

«Дүкенге барып, заттарымды алып келе жатсам, есіктен қызымның шыңғырған дауысын естідім. Есікті тарсылдатып қақтым. Қызым ағатайдың қасында жылап тұр екен. Қызымды жұлып алдым. Ол кісі «кірші, кірші, ешкімге айтпа, айтпа, деп мені... нетті», - деді жәбірленушінің анасы.  

Подьездегі айқай-шуға көршілерді де шыққан. Аманжолдың ана мен баланы үйге сүйреп жатқанын олар да көріпті. Аяғының арасынан қан сорғалаған қаршадай қыздың жағдайы адам шошырлық болғанын айтады. 

«Қыз зар еңіреп жылады, зорлады, зорлады деп айқайлады. Байқұс әрең тұрды, анасының жанында, «ауырып тұр» деп. Денесі дірдір етіп қалшылдап, зар еңіреп жылады», - дейді оқиға куәгері Қызғалдақ Жұмаділова.  

Ауладағы қырқысты осы маңда өтіп бара жатқан полиция қызметкері көрген. Қаршадай қыз бен анасын Аманжолдан арашалап, әріптестеріне хабар беріпті. Жедел жәрдем оқушыны ауруханаға, полиция күдіктіні бөлімшеге әкеткен.

Ал жауап алудан кейін күдікті аурухананаың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Көкала қойдай боп таяқ жеген оның аяғы сынып, тікішегі жыртылған екен. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, оның жанын аман алып қалды.

Өйткені Аманжолды тепкінің астына алғандарымен қоймай, полицейлер артына резеңке сойылды бойлата тыққан. Қазір күдіктінің нәжісі сыртқа пластик түтікшелер арқылы ғана шығады.

«Қолына кісен салғызып, батареяға байлатып, мұны сүйретіп, күйсіз күйде есіктің алдына отырғызады. Өйткені оның жарылған ішегіндегі бүкіл нәжіс, қан, бәрі іріңдеп кетеді. Осы  Балқаш қаласының бес полицейі қамауға алынбай тұр», - дейді күдіктінің туысы Жұмажан Әлібаева.

Сараптама кішкентай қыздың зорланбағанын анықтаған. Алайда жыныс мүшесінде жарақат іздері бар екен. Ал күдіктінің туыстары тергеу ісінде көптеген «келеңсіздіктерге жол берілген» дейді. Бұған олар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне жазған арыздарында тәптіштеп тоқталыпты. Сондықтан полицейлерге қатысты азаптау дерегі бойынша іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Іс жүргізу барысында арызданушының жазған оқиғаның аққарасы анықталатын болады», - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Ауыр отадан оңала қоймаса да, Аманжол Әлібаев қазір ауруханадан тергеу абақтысына ауыстырылған. Оның тағдыр енді сот шешеді. Ал жеті жастағы бүлдіршін сол күнгі оқиғаны есіне алса, тілі күрмеліп тұтығады. Бір сұмдықты бастан өткерген қызбен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары