$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 00:16
Оқиғалар

Павлодар орталығында атыс болды

1961 жылғы ер адамның кеудесінің сол жағына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген

Павлодар орталығында атыс болды
Фото: tengrinews.kz

Павлодар орталығында атыс болды, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Естай көшесінің бойындағы үйлердің бірінің алдында болды. Дәрігерлердің мәліметінше, ер адамға оқ тиген.  

«1961 жылғы ер адамның кеудесінің сол жағына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген. Жеткізілген соң, үш минуттан кейін оның тыныс алуы мен жүрек қағысы тоқтады. 25 минут бойы дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқан, алай нәтиже шықпаған. 08:10-да ол қайтыс болды», - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Мақпал Қаржаубай.  

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілддері, зардап шеккен адамның Павлодар қаласындағы № 1 ауруханаға 07:40-та жеткізілгенін және 08:10-да дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты.  Қазіргі уақытта полицейлер осы дерекке қатысты тергеу шараларын бастады.  

«Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамның кім екенін анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жарияланбайды», - делінген сауалхаттың жауабында. 

Оқиға орнында криминалистер мен металліздеуші мамандар жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Павлодар #атыс