ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодарлық тұрғынның мұздатқышынан гашиш табылды

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Павлодарлық тұрғынның мұздатқышынан гашиш табылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"Өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес жалғасуда. Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 44 жастағы павлодарлықтың мұздатқышынан  өзіндік иісі бар өсімдік тектес  түйіншекті тәркіледі. Сараптама нәтижесі  алынған заттың салмағы 840 грамм гашиш есірткі заты  екенін көрсетті", - деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Ирина Темірғалиева.

Айта кету керек, ағымдағы жылы есірткінің заңсыз айналымы саласында 55 қылмыс анықталды. Оның ішінде 52 факт есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізумен байланысты.