Тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлама тарады
Алматы маңында орналасқан Aport Mall сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр
Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігінің хабарлауынша, электронды пошта арқылы Aport Mall сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойығаны туралы хабарлама келген. Сондай-ақ әкімдік сауда орталығының барлық келушісінен төтенше жағдайлар қызметіне орталықты тексеруге кедергі келтірмеуін және дүрбелең туғызбауын сұрады.
Одан бөлек, Алматы полициясы әл-Фараби даңғылындағы VILLA Boutiques & Restaurants кешеніне бомба қойылғандығы туралы хабарламаны тексеріп жатыр.
Бұған дейін, әлеуметтік желіде Алматыдағы MART сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Саперлер сауда орталығында егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, ешқандай жарылғыш зат қойылмағанын анықтады.