ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

Алматыдағы ірі сауда үйіндегі адамдар эвакуацияланды

MART cауда орталығында істейтін 40 адамды эвакуациялаған

Фото: MART сауда орталығы

Алматы қаласындағы MART сауда орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаға байланысты ғимарат ішіндегі адамдар эвакуацияланды.

Сауда орталығындағылар таңғы сағат 09:15-те сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түскенін жеткізген. Сағат 09:17-де MART әкімшілігі эвакуациялау жұмыстарына кіріскен.

Сағат 09:35-те эвакуациялау жұмыстары аяқталды, сауда орталығының екі ғимаратынан 200-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылғаны айтылды.

Осы жағдайға қатысты Алматы қалалық Полция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек пікір білдіріп, жарылғыш зат туралы хабарлама түскенде сауда орталығы әлі ашылмағанын, онда келушілер емес, MART қызметкерлері болғанын айтты. Жедел қызмет сауда орталығында істейтін 40 адамды эвакуациялаған.

Саперлер сауда орталығында егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, ешқандай жарылғыш зат қойылмағанын анықтады.