$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 14:21
Оқиғалар

СҚО-да балықшы көлігімен бірге өзенге батып кетті

39 жастағы ер адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан тұрғыны көлігімен бірге Есіл өзеніне батып кетті. Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық із қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

Полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  Есіл өзенінен «Toyota  Surf» автокөлігін алып шықты. Оқиға Қызылжар ауданындағы Красный Яр ауылы маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, Петропавл қаласының екі тұрғыны  21 сәуір күні балық аулуға шыққан. Түнге таяу күн суытқасын көлікті оталдырып қойып ішінде ұйықтап отырғанда, көлік алға жүріп кеткен. Бірақ, біреуі көліктен шығып үгерген. Өкінішке қарай, екіншісі көліктен шыға алмаған. Қаза тапқан адам 1982 жылы туған  Петропавл тұрғыны екені белгілі болды. Көлікте болған екінші адам байланыс нашар болғандықтан уақытында  көмекке шақыра алмаған.   Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесі бойынша процессуалды шешім шығарылады. 

«Құтқару қызметіне хабар түскен сәтте-ақ оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу операциясын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр қашықтықтан табылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлік судан шығарылған. Оның ішінен жолаушының мәйіті табылды. Қаза тапқан ер адам 39 жаста, Петропавл тұрғыны. Алдын ала болжам бойынша, олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен. Соңы осылайша қайғылы аяқталды», - дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Сәкен Ағзамов.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары