ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам көз жұмды

Өрт сөндіру барысында 52 жастағы пәтер иесінің денесі табылды

Қостанай қаласында тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қобыланды батыр даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен түтін шығып жатқанын кездейсоқ жүргінші көріп қалған. Ол дереу «101» нөміріне хабарласқан.

Оқиға орнына дереу қалалық 1-МӨСБ-нің 11 қызметкері мен АЦ-40 екі өрт сөндіру автоцистернасы жеткен. Бұл уақытта төртінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер жанып жатқан. Жалын бөлмеге түгел тарап кеткен.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады.

«Өрт сөндіру барысында 52 жастағы пәтер иесінің денесі табылды. Қалың түтін кіреберістің жоғары қабатына жайылды, сондықтан құтқарушылар 18 адамды хабардар етіп, эвакуациялады. Сонымен қатар төрт тұрғынды, соның ішінде сәбиді аулаға шығарды», – делінген ТЖД хабарламасында.