$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2021, 17:13
Оқиғалар

Эверест шыңын бағындырған елордалық Мария Әуезова Нұр-Сұлтанға оралды

Мария осыдан алты жыл бұрын екі аяғынан айырылған

Эверест шыңын бағындырған елордалық Мария Әуезова Нұр-Сұлтанға оралды

Эверест базалық лагерін бағындырған екі аяғы жоқ әлемдегі алғашқы әйел, елорда тұрғыны Мария Әуезова бүгін Нұр-Сұлтанға келді. Халықаралық әуежайдан оны елордалық спорт басқармасының өкілдері қарсы алып, құттықтауларын білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Марияның қиындыққа толы өмірі алты жыл бұрын, екі аяғынан айырылған кезден басталды. Мұндай күйге көне алмағанымен қиындыққа берілмеді. Алдымен Бурабайдың шыңына шықты. Ал қазір Эверестке жетіп, 5364 м биіктікке қол жеткізді.

Мария өзін әуежайдан қарсы алған делегацияны көріп, қуанышын жасыра алмады:

«Бұл істі біз — қазақстандықтар жасағанымыз үшін өте қуаныштымын! Егер бір адамға жігер беріп, алға қарай ұмтылуына әсер етсем менің үлкен жеңісім сол болмақ. Мен сондай қуаныштымын! Үйіме оралғаныма қуанамын. Мен шынымен бақыттымын», - деді ол.

Спортшы алты ай бойы тау шыңын бағындыруға дайындалып, тіпті артық салмақ тастағанын айтты.

«Бурабайды бағындырғаннан кейін тоқтап қалмасымды білдім. Ары қарай ұмтылып, Синюхадағы Таз тауына шықтық. Енді одан да биікке шығуымыз керек деген шешім қабылдадық. Бір жарым жыл уақытымыз дайындыққа кетті. Туыстарым мен достарым мен үшін қатты уайымдады. Дегенмен, биікке шығу, қозғалу менің жағдайымдағы адам үшін қиын. Жолымызда тас та, құм да кездеседі. Бір жерден арбамен жүріп өтетін мүмкіндік болса, енді бір тұста керісінше. Өз күшіммен өте алатын жерден өзім өтсем, қиындау тұстарында бірге шыққан достарым көмектесті. Командалық жұмыс өз нәтижесін берді. Жалпы, 10 күнде жоспарымызды жақсы орындадық. 5 мың метрге жақындағанда, тау ауруы аздап сезіле бастады. Бірақ жылдам өтті. Барлығы кәсібилік пен командалық жұмыстың арқасында. Мені көрген непалдықтар: «Сіз не істейін деп тұрсыз? Мұны істеу мүмкін емес. Жоқ. Қажет емес! Болмайды! Бұл қауіпті!» деді. Олар бізді райымыздан қайтарғысы келіп, қатты уайымдады. Бұл елге ризамын, бізді жылы қабылдап, қолдарынан келгенше көмектесті», - деді Мария.

Серіктес жаңалықтары