21.04.2021, 14:27
Оқиғалар
Әкімдік Каспий теңізі жағалауынан табылған түйе өлекселеріне қатысты пікір білдірді
Мамандардың ойынша, жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін
скриншот
Каспий теңізі жағалауынан, нақтырақ Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жерде (Ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20 бас түйенің өлексесі табылды. Мамандардың ойынша, жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін. Бүгін қатты толқын болып, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр», - деп хабарланды.
Көп оқылған
18.07.2026, 07:23
18 шілдеде бірнеше өңірде күн +48 градусқа дейін ысиды
18.07.2026, 15:18
«Air Astana»-ның миллиардтап ақша жымқырған бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім өзгеріссіз қалды
18.07.2026, 08:33
Алматы облысында Mercedes көлігі адамдар отырған ауланы басып өткен: әйел аяғынан айырылды
18.07.2026, 11:15
Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды