$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2021, 14:07
Оқиғалар

Түркістан облысында тұрғынның ақшасын жымқырған банк қызметкері ұсталды

Күдікті қамауға алынды 

Түркістан облысында тұрғынның ақшасын жымқырған банк қызметкері ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне 1,5 миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады. Алайда арада бір жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан екі жарым миллион несие шығарып, бір миллион теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. 
Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады. Нәтижесінде полицейлер, күдікті азаматты ұстап, бөлімшеге жеткізді. 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтық жайттарына қатыстылығын анықтады. Күдікті азаматтың жергілікті тұрғынның бірінен дәл осындай алаяқтықпен 700 мың теңге алғаны анықталды. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауда. 

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға кез келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары