$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2021, 09:39
Оқиғалар

Елордада асфальт опырылды: мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады

Бүгін жолды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі

Нұр-Сұлтанда қаласында Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында жол төсемі опырылып түсті. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мердігер ұйымның жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

«Ш.Уалиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысындағы жол жабындысындағы ойық мердігер ұйымның диаметрі 300 мм СДР 17 трубасын сүңгіту тәсілімен тарту кезінде технологиялық процестерді сақтамауы салдарынан пайда болған. Соның салдарынан жауын суын ағызатын кәріз коллекторын (канализациядағы сұйық зат пен газды шығарып тұратын кең труба) су шайып кетіп, жол үстінде шұңқыр пайда болған», - делінген хабарламада.

Әкімдік заңбұзушылыққа жол берген мердігер ұйым жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 19 сәуірде «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен Жол полициясы басқармасы бірлесе жол жабындысын қалпына келтіру жұмысын жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары