Шымбұлақта таудан түсе алмай қалған 6 адам құтқарылды
Тау басында ауа райы күрт нашарлаған
18 сәуірде Шымбұлақтың басына шығып, қайта түсе алмай қалған алты адам құтқарылды деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Құтқарушылардан көмекті туристік агенттіктің үйлестірушісі сұраған.
Туристер 3450 метр биіктікке көтеріліп, ауа райының нашарлауы салдарынан кері қайта алмаған. Құрамында 7 адамы бар құтқарушылар тобы Шымбұлақ шатқалына жедел автокөлікпен жеткен соң, әрі қарай тау басына жаяу көтерілді.
«Туристер шыңның жоғарғы жағынан табылды. Белгілі болғандай, туристер маршруттың соңғы нүктесіне жеткенде, ауа-райы лезде нашарлай бастаған, аймақ тұманға толып, найзағай түсе бастайды, жолдар көрінбейді. Топты ертіп жүрген гидтің айтуынша, келесі найзағай адамдарға жақын жерге түскендіктен, таулардың бірінде ауа-райынан жасырыну туралы шешім қабылданған. Біраз уақыттан кейін ауа райы жақсара бастап, зардап шеккендер жартастар жыраларынан шығып, шыңға оралып, сол жерден РЖҚЖ құтқарушыларына геоақпарат жіберген», - делінген аталған хабарламада.
Туристердің ешбірі медициналық көмекке мұқтаж болмаған, десе де барлығы қорқып қалыпты. Құтқарушылар оларды Шымбұлақ ауданындағы тұраққа дейін ертіп апарды.