19.04.2021, 11:11
Оқиғалар
«Ертіс орманы» резерватындағы өрттің аумағы шамамен 1000 гектарды құрады
Оның ішінде орманды алқап 300 га құрайды
19 сәуір сағат 8:30-да Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Өрттің ауданы шамамен 1000 га, оның ішінде орманды алқап 300 га құрайды. Өртті сөндіруге 50 бірлік техника және 206 адам жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде сағат 13:34-те облыстық дағдарыс жағдайындағы басқармасына табиғи өрттің шығуы, атап айтқанда Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі дала орманшылығы аумағында № 149,70 кварталдарда құрғақ шөп пен ағаштың жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл аумақ Шарбақты ауылының № 7 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырымда орналасқан.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды