ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Алматы автобустарында жұртты тонап жүрген тараздық тұрғын ұсталды

Ұялы телефон ұрлаумен айналысқан қалта ұрысынан айғақты заттар тәркіленді

Фото: ашық дереккөзден

Тараздық «қалта ұрысы» Алматының қоғамдық көліктерінде жүрген тараздық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің бөлімнің қызметкерлері 27 жастағы Ж.есімді азаматты ұстады. Ер адамның қоғамдық көлік жолаушыларының, бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Мәселен, ол No205 және No455 қоғамдық көлік бағыттарының салондарында жүрген кезде, бірнеше ұялы телефондарды еркін ұрлап, олардың иелеріне 900 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Ұсталған азаматтан айғақты заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.