14.04.2021, 20:27
Оқиғалар
Қостанай облысында трактор аударылып, үш адам қаза тапты
«К-744» маркалы трактор көрші ауылға жұмысшыларды апара жатқан
prostanki.com
Қостанай облысы Қарасу ауданы Комсомол ауылы маңында көрші ауылға жұмысшыларды апара жатқан трактор аударылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«13 сәуір күні көрші ауылға жұмысшылар апара жатқан «К-744» маркалы трактор аударылып кеткен. Тракторда 4 адамның үшеуі қайтыс болды, біреуі аман қалды», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қарасу ауданы әкімдігінің мәліметінше, «Astana Grand Trade» ЖШС қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсеткен.
Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
