$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 16:50
Оқиғалар

Сайрам ауданында коронавирус жұқтырған жүкті келіншек аман-есен босанды

Ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты

Сайрам ауданында коронавирус жұқтырған жүкті келіншек аман-есен босанды

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 20 жастағы жүкті әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Ол жүктіліктің 39 аптасында ЖРВИ белгісімен Сайрам аудандық инфекциялық ауруханасына жеткізілген. Сынама нәтижесі оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Білікті дәрігерлер айы-күні жетіп, толғағы келген әйел мен оның сәбиінің аман алып қалу үшін шұғыл түрде консилиум өткізген.

«Әйел аман-есен тұңғышын дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы 3400 грамм. Шақалақтан да коронавирусқа сынама алынды. Жаңа туған бала (ұл) анасынан оқшауландырылды. Сынама нәтижесі жаңа туған баланың коронавирус жұқтырмағанын керсетті. Мамандардың айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы. Анасының да жағдайы бірқалыпты», - делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, былтыр өңірде короновирус инфекциясын жұқтырған 122 жүкті әйел аман-есен босанған. Түркістан облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. 2020 жылы өңірде 61 274 нәресте туылған. Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.

Серіктес жаңалықтары