$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 15:33
Оқиғалар

Таразда 100 адамға арналған той тоқтатылды

Өңірде жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантин режимін бұзудың 430 дерегі анықталды 

Таразда 100 адамға арналған той тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Тараздағы мейрамханалардың бірінде 100 адамға арналған той тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша “жасыл” аймақтан “сарыға” ауысты, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді. 

Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп, кезекті ұйымдастырылған көлемді іс-шара дерегін анықтады. Тараздағы мекемелердің бірінде рейд кезінде 100-ден астам адамның қатысуымен той өткізілген.

Барлық қонақтармен профилактикалық әңгімелесу өткізілді, ал іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама жасалды және жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. 

"Ауру-сырқаудың статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантин режимін бұзудың 430 дерегі анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы 41 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесі жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары