$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 03:36
Оқиғалар

Өскеменде көппәтерлі үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Газ баллонын тұрғын үйлердің жертөлесінде сақтауға қатаң тыйым салынады

Өскеменде көппәтерлі үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары газ иісінің қатты сезілуіне байланысты құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында шұғыл түрде 40 азаматты, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды «Алтайньюс».

Үйді тексергеннен кейін құтқарушылар үйдің жертөлесінен 3 оттегі мен 3 газ баллонын тауып алып шықты.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 410-бап бойынша жоғарыда аталған баллондарды сақтауға жол берген үйге қызмет көрсететін ұйымның қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құтқарушылар жертөлені желдетіп, тұрғындарға қауіптің сейілгеніне көз жеткізген соң пәтерлеріне оралуға рұқсат берді. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Газ баллондарын тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларында сақтауға қатаң тыйым салынады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керек», - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары