Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте бір күнде есірткі таратқан 8 адам ұсталды

Ұсталғандардың 4-еуі қыздар болып шықты

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте бір күнде есірткі таратқан 8 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 3 сәуір күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратқан 8 азамат ұсталды. Олардың басым бөлігі - студенттер. Ұсталғандардың 4-еуі қаладағы бір пәтерді жалдап тұрған қыздар болып шықты.

Олар белгілі бір ақшалай қаражат үшін әлеуметтік желі арқылы есірткі саудасына қатысты курьерлік және тығушы қызметтерін атқарған. Олардың міндетіне алдын ала дайындалған есірткі заттарын көшелер мен басқа да жерлердегі ешкім байқамайтын жасырын орындарға тығу кірген. Бұл іс-әрекеттердің көбісі түнгі уақытта жасалынады. Себебі бір-біріне жолдайтын фото сүреттері түнгі уақытта түсірілген.

Тексеру барысында жасырын орындарда тығып қойған 116 дана полиэтилендік сым қабығына оралған бөлшектелген есірткі заттары анықталып, тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған азаматтардың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.