$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2021, 08:58
Оқиғалар

Павлодарда автокөлік үйге соғылып, ұйықтап жатқан баланың үстіне кірпіш құлады

Тексеру жүргізіліп жатыр

Павлодарда автокөлік үйге соғылып, ұйықтап жатқан баланың үстіне кірпіш құлады

Павлодарда автокөлік үйге соғылып, ұйықтап жатқан балаға кірпіш құлады. Төрт жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жеке тұрғын үйге Audi автокөлігі соғылған. Қатты соққыдан үй қабырғасының кірпіші ұйықтап жатқан балаға құлаған.

«Кенеттен қатты соққы естілді. Көлік қоршауды қағып өтіп, үйге соғылды. Кірпіштер кішкентай қызды басып қалды. Оның төсегі сол бұрышта тұрған. Бірден жедел жәрдем шақырдым», - дейді үй иесі Марат Алимов.

Бала бірнеше жарақат алып, қазір стационарда жатыр. 

«Audi көлігінің жүргізушісінің айтуынша, ол Мәшһүр Жүсіп көшесімен Ломов көшесіне бағыт алып бара жатқан. Гагарин көшесімен қиылыста батыс жақтағы қосымша жолдан ВАЗ көлігі келіп соғылған. Сондықтан қоршаудан өтіп, үйге келіп соқтығысқан», - деді үй иесі.

Оқиға орнынан жасырынбақ болған ВАЗ жүргізушісін куәгерлер қуып жеткен.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, ВАЗ жүргізушісі Жамбыл көшесіндегі үйдің ауласынан ұсталған.

«11 сәуір күні сағат 1:30-да ВАЗ-21099 көлігі Гагарин көшесімен қозғалып бара жатып, Audi көлігіне соғылған. Соңғысы сол қозғалыспен үйге барып соғылған. ВАЗ көлігі айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан Audi жүргізушісі мен үйде болған екі бала медициналық көмекке жүгінді», - деді полиция департаментінде.

Көлік соғылған үйде төрт жасар қызбен бірге оның бір жасар бауыры болған. Ол зардап шеккен жоқ.

Серіктес жаңалықтары