09.04.2021, 21:24
Оқиғалар
Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады – екі адам зардап шекті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жедел жәрдем көлігі Райымбек даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Саин көшесінің қиылысындағы көпірден төмен түсе берген сәтте көлік өзге көлікпен соқтығысқан», - делінген қалалық Шұғыл медициналық көмек қызметінің хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Ал жедел жәрдем фельдшері тексеруден өткен соң үйіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері шақыртылды. Жол апатының себебі тексеріліпі жатыр.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
