$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2021, 17:53
Оқиғалар

Анасының маскүнемдігі жасөспірімді суицидке итермелеген

Полиция қызметкері жасөспірімді суицидтен құтқарып қалды

Анасының маскүнемдігі жасөспірімді суицидке итермелеген
фото: polisia.kz

Ақмола облысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірімді полиция қызметкері құтқарып қалды. Кәмелет жасқа толмаған қыз баланың мұндай қадамға баруына анасының ішкілікке салынғаны себеп болған деп хабарлайды Polisia.kz.

8 сәуірде Жақсы аудандық полиция бөлімшесіне Перекатное ауылының тұрғынынан хабарлама жеткен. Онда 32 жастағы жергілікті келіншектің кәмелет жасқа толмаған қызын ұрып-соққаны айтылған. Сондай-ақ куәгерлердің айтуынша, анасы қызын мойнынан қылқындырып, оны інісімен бірге балалар үйіне жіберемін деп қорқытқан.

«Жедел-тергеу тобын күтпей, учаскелік инспектор Данияр Нұрғамиден дереу оқиға орнына аттанды. Айтылған орынға келген учаскелік инспектор маскүнем ретінде есепте тұрған үйдің иесін тапты. Сол кезде әйелдің 11 жастағы қызы үйге жүгіріп келіп, үлкен әпкесі қорада асылып қалғанын хабарлаған. Тәртіп сақшысы дереу қораға қарай жүгіріп, жіпке ілінген 14 жастағы қызды құтқарып қалған. Жасөспірім есін жоғалтса да, аман қалған», - делінген хабарламада.

Қазір жасөспірім аурухана изоляторына орналастырылып, онымен психологтар айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары