Алматыда ұрылар тобы қолға түсті
Олар қойма кеңсесіне ұрлыққа түсіп, 500 мың теңгеден асатын мүлікті жымқырған
Алматы қаласында ұрлыққа қатысы бар бес азамат ұсталды. Күдіктілер Алматы мен Жамбыл облысының азаматтары, ең үлкені 38 жаста, кішісі 26 жаста. Бұған дейін олар мүліктік қылмыстар үшін жауапқа тартылған.
Олар соңғы рет Бөкейханов көшесіндегі уақытша сақтау қоймасының кеңсесіне ұрлыққа түскен. Олар ғимаратқа терезе арқылы жасырын түрде кіріп, сол жерден жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын мүлікті жымқырған.
Анықталғандай, ұсталған азаматтар мекемеге ұрлыққа түспес бұрын бұрын бірнеше күн бұрын келген. Бейнебақылау камералары қойылған орындарды тексеріп, анықтаған.
«Жедел-іздестіру барысында күдіктілердің есебінде тек бір ғана ұрлық емес екенін дәлелдеді. Күдіктілер мініп жүрген екі автокөлік пен ірі көлемдегі ақша тәркіленді», - деп хабарлады, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.