$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2021, 10:48
Оқиғалар

Ақмола облысында студенттің үстіне бетон маңдайшасы құлады

Жасөспірім ауруханада көз жұмды

Ақмола облысында студенттің үстіне бетон маңдайшасы құлады
көрнекі фото

Ақмола облысында жас жігіт оқыс оқиға салдарынан қайтыс болды. Оқыс оқиға туралы Есіл аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарлаған.

Көкөніс қоймасы ғимаратының бетон плитасы студенттің үстіне құлаған. Есіл аудандық полиция бөліміне 8 сәуірде сағат 11:00-де аудандық аурухана фельдшерінен хабарлама түскен. Ол жасөспірімнің ауруханаға түскен кезде қайтыс болғанын айтқан.

«Есіл қаласының 16 жастағы тұрғынын №7 Агротехникалық колледж аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіре берісте құлаған бетон плитасы басып қалғаны анықталды. Жас жігіт колледждің бірінші курс студенті болған», – деп хабарланды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталмыш бапта кінәліге төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары