$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2021, 10:54
Оқиғалар

Алматы облысындағы колонияда жазасын өтеушілердің бірі қаза тапты

Жанжалға қатысы бар жазасын өтеушілердің екеуі де бұрын сотталған

Алматы облысындағы колонияда жазасын өтеушілердің бірі қаза тапты
көрнекі сурет

Алматы облысындағы орташа қауіпсіз мекемеде сотталғандар арасында жанжал туып, бірі қаза тапты. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

9 сәуірде колонияның тәртіптік изоляторында сотталғандар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенмен, сотталушы оқиға болған жерде қаза тапты. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы барды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

Айта кету керек, оқиғаға қатысы бар жазасын өтеушілердің екеуі де бұрын Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) және 192-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша сотталған. Сондай-ақ олар абақтыда ұстау режимін бірнеше рет бұзған және тәртібі өте нашар деп бағаланып келген.

Серіктес жаңалықтары