07.12.2019, 01:57
Оқиғалар
Жұмысқа орналастыру үшін әскери қызметкер 1 млн теңге сұраған
Әскери полиция басқармасының бастығы пара алып жатқан жерінде ұсталды
Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы 1 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Әскери шендіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол біреуді жұмысқа орналастыруға 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Қалтасынан бума-бума ақша шыққан күдікті жаңа қызметкерге алдағы уақытта қамқорлық жасауға да уәде беріпті. Алайда, әскери полиция басшысының заңсыз әрекетін жемқорлыққа қарсы агенттік әшкере етті.
Күдікті кінәсін бірден мойындаған. Бірақ қорғаушысы өтініш хат бергендіктен, ол қамауға алынған жоқ.
Дереккөз: КТК арнасы
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді