БҚО-да оңай жолмен пайда таппақ болған алаяқ ұсталды
Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында оңай жолмен пайда таппақ болған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО-да жер учаскесін сатып алуды көздеген тұрғын полицияның көмегіне жүгінді. Ол 2020 жылдың шілде айында жер учаскесін ешқандай кедергісіз алу үшін БҚО тұрғынының көмегіне жүгінген. Оның алаяқ екеніне күмәнданбаса керек, қалтасындағы 425 мың теңгені санап беріп,соңында жер де жоқ, ақша да жоқ, алаяқ болса хабар-ошарсыз кеткен. 1983 жылы туған К. есімді азамат тоғыз айдан кейін полицияға арыздануына тура келген. Қабылданған шаралар бойынша 1984 жылы туған Е. есімді азаматша әйел ұсталды. Ол әйелдің бұрын бұндай жолмен пайда көріп келгені анықталды. Дәл сол уақытта өзге тұрғыннан 185 мың теңге көлемінде ақша иемденгені анықталды.
Қазіргі таңда алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.