$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2021, 13:43
Оқиғалар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында Шымкент тұрғыны өзінің “Tayota Camry 50” маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім, яғни немересі.

Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған жұбайлардың күйеу баласы.

Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары