$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 23:52
Оқиғалар

Нұр-Сұлтандағы «Шапағат» базарынан өрт шықты

Өрттен зардап шеккендер мен құрбан болғандар тіркелген жоқ

 

Нұр-Сұлтандағы «Шапағат» базарынан өрт шықты

Нұр-Сұлтандағы «Шапағат» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 22.30 шамасында Бөгенбай батыр, 69 мекенжайында орналасқан «Шапағат» базарында өрт шыққаны туралы хабар түсе салысымен, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірден оқиға орнына жеткен.   

«Өрт сөндірушілер жеткен кезде базардың шатыры мен сыртқы жабындысы жанып жатқан. Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері өртті ауыздықтауда. Оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылды. Өрттен зардап шеккендер мен құрбандар болған жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан ТЖД жеке құрамының 32 маманы мен 8 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.   

Серіктес жаңалықтары