$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 22:25
Оқиғалар

Бес өңірдің шенеуніктері оқушылардың ноутбугіне бөлінген қаржыны жымқырған

Қазіргі уақытта осы жайтқа қатысты 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Бес өңірдің шенеуніктері оқушылардың ноутбугіне бөлінген қаржыны жымқырған
Фото: ашық дереккөзден

Оқушыларға ноутбук алуға бөлінген қаржыны жымқыру фактісі, 5 өңірінде тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жайтқа қатысты 6 қылмыстық істің тергеліп жатқанын айтты.

«2020 жылы Үкімет резерві есебінен компьютер, планшет және ноутбуктер сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша білім басқармаларының лауазымды адамдарына қатысты 6 қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр БЕКАЙДАРОВ.

Маңғыстау облысының шенеунігі асфальт жабындысын сапасыз төсеген мердігерден пара алғанын мойындаған. Мұны да Антикор өкілдері айтты. Мұнайлы ауданындағы жаңа төселген асфальттың жәй-күйін жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Аудан әкімі аппаратының Тұрғын үй коммуналды шаруашылғы басшысы, сапасыз жұмысқа «көз жұма» қараған еңбегін бір миллион теңгеге бағалаған деген күдік бар. Енді бұл істің ақ-қарасын сот анықтамақ.
 

Серіктес жаңалықтары