$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.03.2021, 21:47
Оқиғалар

СҚО-да үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған ауыл тұрғыны анықталды

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

СҚО-да үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған ауыл тұрғыны анықталды

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданының тұрғынының үйінен 3,5 келі кептірілген марихуана табылды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

СҚО Полиция департамені баспасөз қызметінің хабарлауынша «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мамлют ауданының ПБ қызметкерлері ауылдардың бірінің 35 жастағы тұрғынынан өсімдік тектес зат салынған 7 пакет тапқан. Сараптама көрсеткендей, аталған зат жалпы салмағы 3,5 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Заңнама бойынша ол аса ірі мөлшерге жатады.

Мән-жайды анықтау кезінде жазда ер адамның қараусыз қалған бақшасында жабайы қарасораның бүтін бір «плантациясы» табылған. Учаскелік полиция инспекторы өсімдікті жою қажеттігі туралы ұйғарым шығарған. Көп ұзамай ауыл тұрғыны учаскелік инспекторға шабылған қарасораны көрсеткен. Алайда, жинап шөпті кептіріп, кейін үйінде сақтап қойған. Күдікті оны жеке мақсатта пайдалану үшін жинап қойғанын айтып ақталмақ болған. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Облыста өткізілген «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шарасы барлық кезеңінде 23 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 3 қылмыс: контрабанданың 1 фактісі мен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 2 фактісі тіркелді. Төрт келіден астам есірткі мен психотроптық заттар, оның ішінде 500 грамм синтетикалық есірткі алынды», - дейді СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары