25.03.2021, 18:20
Оқиғалар
Жетісайда балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
Жергілікті тұрғыннан заңсыз ауланған 100 келіге жуық балық тәркіленді
фото: polisia.kz
Жетісай ауданы полицейлері Үтіртөбе ауылына қарасты Шардара су қоймасы маңында жергілікті тұрғынның заңсыз түрде шанышқы (астрага) пайдалана отырып, балық аулап отырғанын анықтады.
Ұсталған азаматтан айғақ зат ретінде бір резеңке қайық, үш метрлі шанышқы және 50-ден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Тәркіленген балықтардың салмағы 93 келіні құрады.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс ретінде енгізілді. Табиғатқа залал келтірген тұрғын келу туралы міндеттеме Жетісай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
19.09.2026, 13:30
Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты