Қарағандыда жанжалдасқан тұрғындар бір-біріне пышақ тығып алған
Оқиғаны арлы-берлі өткен жүргіншілердің бірі видеоға түсіріп алған
Қарағандыдағы Майқұдық шағынауданында екі ер адам мен әйел жанжалдасып қалған. Алайда жанжал соңы бір-біріне пышақ сұғып алумен аяқталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғын үйлердің ауласында болғандықтан оқиғаны арлы-берлі өткен жүргіншілердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Бейнекадрлардан белгілі болғандай, жанжалға қатысқан екеу жерде жатыр. Үшіншісі - ер адам олардың жанында тұр, ол оқиға куәгерлеріне аяғынан алған пышақ жарақатын көріп, әлдене айтуда.
«23 наурызда сағат 16.30-да Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны жанжал барысында 34 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын ізін суытпай анықтады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.