Қарағандыда жүк көлігінің астында қалған екі жүргізуші көз жұмды

Қайғылы оқиға жүргізушілер көлік бөлшектерін ауыстырып жатқанда болған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласында жүк көлігінің бөлшегін ауыстырып жатқан екі жүргізушінің көлік басып қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 20 наурыз күні Бытовая көшесінде Бытовая көшесінде орналасқан автотұрақта болған. Алыс жолға шығып жүрген жүргізушілер көліктің пневможастықшасын ауыстырып жатқан. Алайда белгісіз себептермен көлікті көтеріп тұрған тіреуіш құлап кеткендіктен, көлік жүргізушілерді басып қалған. Екі ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.

«Оқиға жүк көліктерінің ашық тұрағында болған. Хабарландыру түсісімен келіп жеткен жедел жәрдем екі ер адамның қайтыс болғанын растады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.