ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алматыда 120 адамға арналған үйлену тойы тоқтатылды

Өткен тәулікте мегаполисте 437 адамнан коронавирус анықталды 

 

Алматыда мониторингтік топ 120 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласында санитарлық талаптардың сақталуын тексеретін 32 мониторингтік топ бар.

«20 наурыз күні Достық даңғылы 52/2 мекенжайы бойынша «Қазақстан» қонақүйінің «Гранд Палас» залында үйлену тойы өткізілгені анықталды. Залда шамамен 120 адам болған», - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Алматы қаласының әкімдігі эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан қаланың «қызыл аймақта» тұрғанын еске салады.

Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекция бойынша оң ПТР бар 437 науқас анықталды. Бұл - соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.

«Қалада эпидемияның таралуы күн сайын артып келеді. Коронавирустық жағдайды одан әрі ушықтырмас үшін, тұрғындарға вирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Атап айтқанда, қоғамдық шараны ұйымдастырып және оған қатысудан аулақ болу керек. Азаматтар, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан қарт адамдар өте сақ болуға және қарым-қатынастан аулақ болуы шарт», - делінген хабарламада.