$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2021, 17:46
Оқиғалар

Ақмола облысында өзіне қол жұмсамақ болған жігіт құтқарылды

Полиция қызметкерлері жылдам қимылдап, ер адамды құтқарып  қалды

Ақмола облысында өзіне қол жұмсамақ болған жігіт құтқарылды
Фото: kp.ua

Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағының полицейлері ер адамды суицидтен құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 наурыз күні сағат 11.21-де Бурабай ауданының Бурабай кентінің полиция бөлімінің кезекші бөліміне Оқжетпес кентінде үйдің төбесінен ер адамның суицид жасауға оқталып тұрғаны туралы телефон хабарламасы түсті.

Оқиға орнына дереу «Әскер-1» экипажының патрульдік полиция ротасы қызметкерлері шықты.  Хабарламадан үш минут өткен соң патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жас жігіттің карниздің шетінде отырғанын анықтады.

«Инспекторлар кәсіби түрде әрекет етіп, жігітті құтқарып қалуға ұмтылды. Полиция кіші лейтенанты Тілеубек Көпешов жас жігітпен сөйлесіп, оның назарын өзіне аударып тұрған. Сол сәтте полиция сержанты Ерік Серәлі жігіттің жақын туысымен үйдің 5 қабатына көтеріліп, карнизге жақын қашыққа жақындап келіп, жас жігіттің қолынан шап беріп ұстай алып, артқа қарай тартып алған», - делінген хабарламада.

Инспекторлар сөзге тартқанда, жас жігіт мұндай қиын қадамға отбасындағы проблемаларды өз бетінше жеңе алмағандықтан барғанын айтқан.

 Қазіргі уақытта психологтар жігіттің өзіне қол жұмсауға оқталуының нақты себебі неде екенін анықтап жатыр.

 
Серіктес жаңалықтары