Павлодар облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі анықталды
Заң бұзған адам 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді
Павлодар облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Кінәлі азаматқа қатысты келтірілген залалды өтеуге бағытталған шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«2019 жылы ер адамның Мичурин ауылындағы су құбыры құрылыстарының жанында, сондай-ақ жалпы ауданы 16,7 м3 Омбы - Майқапшағай автожолының жанында аса ірі көлемде құмды заңсыз өндіру мен сатуды ұйымдастырып, сол арқылы қоршаған ортаға 311,5 млн теңге зиян келтіргені белгілі болды. Қылмыстық іс материалдарымен азаматтың кінәсі толығымен дәлелденді», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.
Павлодар аудандық соты аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 334-бабының 2-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарды және жер қойнауын пайдалануға байланысты ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді.