19.03.2021, 22:40
Оқиғалар
Алматыда өрт шыққан 7 қабатты үйден үш адам құтқарылды
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыда 7 қабатты үйден өрт шығып, үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкіліне сілтеме жасап.
«Бүгін кешкі сағат 17.04-те Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Алматы қаласы Медеу ауданында жеті қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтерде жиһаз және үй заттары жанған»,- дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт бесінші қабаттағы пәтерден шыққан. Мамандар өрт автосатысының көмегімен 3 адамды құтқарды. Тұрғындар эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 09:32
Ел дамуына үлес қосу – әр азаматтың парызы: жастар орталығының директоры ұлттық мерекенің маңызы туралы айтты
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды