ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Көктайғақ: Нұр-Сұлтанда екі автобус жол апатына ұшырады

Өткен тәуілікте елорда көшелерінде 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген

 

Фото: ашық дереккөзден

Елорда полицейлері көлік жүргізушілерді көктайғақ кезінде жолда арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Өткен тәуілікте елорда көшелерінде 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген.   

«Бүгін, 20 наурызда Қорғалжың тасжолының бойымен Тұран даңғылы жағынан келе жатқан маршурттық автобус көктайғақ кесірінен жарық бағанасына соғылды. Құлаған баған жолда кетіп бара жатқан «Лада Гранта» автокөлігін зақымдады», - делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ таңғы сағат 08.05-те Тілендиев даңғылы бойында автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке, артынша ауыр жүк көлігіне соғылған.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем тобы барды. Автобус жүргізушіне медициналық көмек көрсетілді.

«Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері көктайғақ кезінде жолда арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмау керек екенін ескертеді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда жылдамдықты азайтып, барынша мұқият болуға шақырады», - делінген хабарламада.