ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Моңғолиядағы құмды дауылдан 6 адам қайтыс болды

Тағы 81 шопанды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Моңғолиядағы құмды дауылдан 6 адам қайтыс болды. 13 наурызда соққан желден Баян-Өлгей аймағы толықтай жарықсыз қалған. Дауыл Ресейден жеткізілетін тоқтың электр желілерін де қиратып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметінше, 548 шопан хабарсыз кеткен. Төтенше жағдай елдің 9 аймағында болды. Алапат дауылды көрген сол жақтағы қандастар бастапқыда оны түтін, өрт екен деп ойлап қалған. 

«Кешеден бері Баян-Өлгейде тоқ, жарық жоқ. Аймақтың 12 ауданы да жарықсыз қалды. Қатты дауыл Увс аймағындағы электр бағандарын құлатып кетті. Ауылдағы үйлерде тоқ жоқ, тек Ховд аймағы арқылы аурухана сынды мемлекеттік мекемелерге ғана жарық беріліп тұр. Жел сұмдық қатты соқты. Ауа райы да суытып, қиын болып жатыр», - деді Баян-Өлгейд тұратын Жарасбек есімді жігіт.   

Жоғалып кеткен 548 қойшының 467-сі табылған. Бес шопан мен бес жасар бала қаза тапты.