15.03.2021, 10:51
Оқиғалар
«Самара-Шымкент» автожолында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 96 ЖКО болды
«Самара-Шымкент» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 наурызда Қалыбай кенті ауданында “Pontiac-Viva” автокөлігінің жүргізушісі жолдың тайғақ учаскесінде метеорологиялық жағдайды ескермей, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта тұрған “DAF” ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан “Pontiac” автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының жолдарында 96 ЖКО орын алды, онда 12 адам қаза тауып, 135 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды